Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту басқармасы украиналық әскери әйелдер үшін ішкиімнің жаңа дизайнын ұсынды,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Ұсынылған ішкиім үлгісі әскери әйелдер мен желі қолданушыларының үлкен наразылығын тудырып, сынның астына қалды.
Материалдық-техникалық қамтамасыз етуді дамыту басқармасының айтуынша: «Бізде жасалған ішкиім үлгісі әйелдердің дене бітіміне сай және кез келген дене қозғалысын талап ететін тапсырмаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді».

Желіге жарияланған фото үлгілерді көрген әскери қыз-келіншектер наразылығын жасыра алмады. Мәселен, Светлана Лилина: «Менің еңбек шартым аяқталғанша, бұл ұсқынсыз үлгіні әлі ендірмейді деген үміттемін»,-деді. Оля Королева есімді ару: «Бұл ішкиімді жасап шыққан адам оны өз әйеліне кигізіп көрсін» дегенді алға тартты. Оның ойынша, «іш киімдер өте ыңғайсыз және тігісі нашар».
Бұл наразылықты білдіру үшін қолына плакат алып көшеге шыққандар да болды.